Жаңалықтар

2017 ж. қазанның 17-19 аралығында ауруханада орта медицина қызметкерлері аттестациядан өтті.
Мақсаты: дәрігерге дейінгі медциналық көмек көрсету  және жүрек-өкпе реанимациясы бойынша орта мед.қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелік дағдыларын жақсарту.
Аттестация өткізуге жауапты бас мейірбике Киякбаева Ж.Ж. тағайындалды.

2017 жылдың 13 қазанында ауруханада «Бас ми қан айналымының жедел бұзылыстары» атты семинар сабағы өткізілді.

2017 ж. 12-13 қазан аралығында Тараз қаласында «Жамбыл облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбына «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу кезінде медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, аурухана қызметкерлерінен: санитарлы авиация бөлімінің меңгерушісі Э.А. Орынбаева, травматолог-дәрігері Ж.Е. Урумбаев, фельдшер А.Б. Айтжанова және санитарлы авиация жүргізушілері В.Ф. Синдеев, Д.Ж. Тлепов қатысты.

2017 жылдың 3 қазанында ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» МК кәсіпорнында «Қарттар күні» мерекесіне арнап мерекелік шара өткізілді.