2017 жылдың 3 қазанында ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» МК кәсіпорнында «Қарттар күні» мерекесіне арнап мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараға ауруханада жұмыс жасап, құрметті демалысқа шыққан 126 ардагерлеріміз шақырылды.

Аурухананың басшылары мен кәсіподақ ұйымы және ардагерлер кеңесінің төрайымы і құттықтап болған соң, барлық шақырылған қонақтарға арналып дастархан жайылды. Өздерінің жастық шақтарын еске алып бір топ ардагерлер құттықтау сөздер сөйлеп, ауруханаға «біздерді ұмытпай осындай мерекеге шақырып отырғандарыңызға үлкен алғыс айтамыз» деп алғыстарын білдірді. Аурухана ұжымының ұйымдастырурымен концерттер қойылды, ардагерлеріміз қуаныщтан залды айналып билеп, көңілді отырды.

Сонымен қатар Мейіргерлік күтім бөлімінің қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған, сол бөлімде емделіп жатырған науқастарға мерекелік түскі ас берілді.

Қарттар күні - бұл адамның даналығы, азаматтық жетістігі мен рухани жомарттығы. Барлық егде адамдарға денсаулық, ұзақ өмір, қамқорлық, сыйластық, жақын адамдарына да тілейміз. Сізге сүйікті іс-әрекеттеріңізге, демалуға және өмірден ләззат алуға уақытыңыз бен уақытыңыз болуына тілектеспіз!