Кіріспе:

Медицина қызметкерінің кәсіби  Әдеп Кодексі (әрі қарай Кодекс) медициналық кәсіби қызметті жүзеге асырардағы медицина қызметкерінің мінез-құлық және әдеп қағидаларының жиынтығын айқындайтын құжат болып табылады.

Осы Кодекс медицина қызметкерлері, қоғам мен емделуші арасындағы қарым-қатынасты анықтайды және жеке тұлғаның және тұтастай қоғамның   денсаулығын, құқығын, абыройын сақтауға бағытталған және де медицина қызметкерінің қоғам алдында өз қызметіне деген жоғары адами жауаптылығын айқындайды.

Осы Кодексте медицина қызметкері болып табылатындар жоғары және «немесе) орта арнаулы медицина білімі бар мамандар.

Адам өмірі мен денсаулығы құндылықтың басты ірге тасы. Медицина қызметкерінің жұмысы оларды сақтауға және адамға адамгершілік қатынас, оның жекебасын сыйлауға бағытталған жан ашу және атсалысу, тілектестік, қайырымдылық, және мейірімділік, шыдамдылық, өзара сенім, байыптылық және адалдықты талап етеді.

Кодекс медицина қызметкерлерінің кәсіби қызмет аясы адамның денсаулығын, өмірін, оның тууын, өлімін қамтитын кәсіби қызметінде пайдалану үшін тағайындалған. 

1-бөлім

Миссиясы:

Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету сапасын жетілдіру және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Мақсаты:

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында аурудың алдын алу емдеу және оңалту жолдарының тиімді жүйесін енгізу негізінде азаматтардың денсаулығын нығайту. 

Ұйымның құндылық жүйесі:

  • емделуші – назарда
  • қауіпсіздік
  • жауапкершілік
  • әріптестік
  • айқындық
  • кәсібтік

Емделуші-назарда-әр емделушінің жеке сұранысын байымдап, жоғары сапалы қызмет көрсету. Емделушінің құндылығын және жеке тұлғасын сыйлау.

Емделуші қауіпсіздігі-сапалы медициналық қызметтің маңызды компоненті.

Жауапкершілік – жоғары стандарттарға және жарияларған қағидаларға шығайылық, емделушілерге деген және ұжым іші жоғары деңгейдегі сенім мен байыптылық.

Айқындылық – адалдық қағидаларын және жеке, ұжымдық әрекеттерде әдептілікті сақтау.

Кәсібилік – тұрақты даму мен оқу негізінде емделуші мен ұжымның игілігіне өзінің барлық үздік біліміңді, мүмкіндігіңді және тәжірибеңді жоғарғы нәтижеге жету үшін бағыттау.

2-бөлім

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын сыйлау және ҚР Үкіметті бекіткен тізімге сай, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алудағы емделушілерге құқығын ақпараттандыру.
  2. Емделушінің сапалы да уақытылы медициналыұ көмек алу құқығын сыйлау, алдын алуда, емдеу мен күтуде лайықты ықылас көрсету, өзінің құқығынан, міндеттерінен көрсетіліп жатқан қызметтен, қызмет құнын жеткізіп, ҚР Конституциясын сақтау, және де ҚР азаматтарына, оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қатаң түрде бюджет қаржысы есебінен көрсету.
  3. Қайтыс болған адамға оның туыстарына ұқыптылықпен қарап, қайғысына ортақтасу. Ажал алдындағы емделушіні рухани қолдау. Медицина қызметкері ажал алдындағы адамның қасіретін, қиналысын барлық қол жетімді тәсілдермен жеңілдетуге міндетті.
  4. Мамандығы бойынша тәжірибелік міндеттерді шешу үшінжәне клиникалық тәжірибеге рұқсатқа өзінің кәсіби құзырлығын жоғары деңгейде ұстап, тұрақты түрде білктілік жетілдіру, аттестациядан өтіп отыру.
  5. Өз кәсібінің қадірін түсірмей, заңға қайшы келетін және жемқорлық жағдайларға әріптестер арасында жол бермеу: Өзі немесе делдал арқылы заттар алу және үстем болу.
  6. Өз әріптестерінен сыйлы қарым-қатынаста болу, жас мамандарға жұмысқа жаңадан тұрғандарға көмектесу орта және кіші медицина қызметкерлерді менсінбеу және әдепсіздік көрсетуді болдырмау.
  7. «Қазақстан-2050 стратегиясы» бағдарламасын орындауда өз үлесін қосу үшін тұрғындарды медициналық және санитарлық ағарту жұмыстарына қатысу, өз еңбегімен жүріс-тұрысымен біздің басты мақсатымыз Қазақстан Республикасы азаматтың бейбітшілік пен ұлттаралық келісім екендігін көрсету, салауатты өмір салтын насихаттағанда үлгі болып, спортпен, дене шынықтырумен айналысу, зиянды әдеттерді болдырмау және еңбек тәртібін бұзбау, сыртқы келбетті бұзбай формаларды кейіп жүру.
  8. Медициналқ көмек сұрай келгенде дәрігерлік құпияны сақтау; азаматтық денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы немесе оны тексергенде, емдегенде алған басқа мәліметтер тек заң органдары тексергенде прокурор, адвокат, сот алдын ала тексерістерде, тергеулерде болмаса.
  9. Аурухана мүлігіне құнттау, бүлдірмеу, науқастарды емдеуде күтіп ұстау және жаңа медицина құралдарын пайдалануға өз әріптестерін үйреті, өз емдеу мекемесінің тарихына ұқыптылықпен қарау, еңбегі сіңіп демалысқа шыққандарға құрмет.
  10. Медицина қызметкерлері қызметін бағалау критерийлері негізінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі мен сапасына қарай аурухана әкімшілігі медицина қызметкерлерін ынталандыруды қарастырады. 

Медицина қызметкерінің жол беруге болмайтын істері

Медицина қызметкері құқысыз:

  • өз білімін және мүмкіндігін ізгіліксіз мақсатттарға пайдалануға;
  • жеткіліксіз негізде медициналық шараларды қолдануға немесе оларды көрсетуден бас тартуға;
  • жазалау мақсатында медициналық әрекеттер әдісін емделушілерге қолдануға, және үшінші адам мүддесіне пайдалануға.
  • өзінің философиялық, діни және саяси көзқарасыңды емделушіге мәжбүрлеу.
  • Емделушіге күштей, құлықтылық немесе материалдық зиянды арнайы, ұқыпсыздықтан келтірмеу, зиян келтіруші үшінші адамның әрекетіне қатыспау.
  • Медицина қызметкерінің жеке қате түсінігі және басқа да мамандықсыз сарындар дертті анықтау мен емдеуге кесірін тигізбейі тиіс.
  • Ұсынылып отырған ақылы қызметтен емделушінің бас тартуы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген, тегін мемлекеттік кепілдеме аясында көрсетіліп отырған медициналық көмектің сапасы, қолжетімділігі, түрлерінің азаюы себеп болмауы тиіс.
  • Емделушіден сый алуға болмайды, сый бермеген емделуші өзіне көрсетіліп отырған қамқорлық аз деп ойлап қалуы мүмкін. Сый ретінде ақша немесе құнды сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынған.
  • Медицина қызметкері логотипі бар компонияның, дәрілік препараттардың атауы бар медициналық тағайындаулар дәрі-дәрмек дайындаушы-фирманың, таратушының медициналық ұйым аумағында ұсынған препараттарын пайдалануға болмайды ынталандырушы сияпаттар алуға болмайды.
  • Медицина қызметкері өз қызмет беделін пайдаланып, емделушінің күйзелісін пайдалана мүліктей алуға тиімді келісім жасауға, өз мақсатында еңбегін пайдалануға, пара алуға, бопсалауға құқығы жоқ.
  • Медицина қызметкері емделуші емдеу курсын тағайындағанда нақты емес. Толық емес бұлмаланған ақпарат дәрі-дәрмектерден медициналық тағайындаулардан емдеу әдісімен беруге құқығы жоқ. 

Әдеп кодексі төмендегі негіздерден жасалынған:

  1. 08.03-дегі Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
  2. 07.02-дегі Қазақстан Республикасының №267 «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы.
  3. 05.15-дегі №252-ІІ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.
  4. 11.18-дегі №193-ІV Қазақстан Республикасның «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы» Кодексі
  5. 11.29-дағы Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің №1113 «Саламатты Қазақстан-2011-2015» Жарлығы
  6. 04.13-дегі №245 Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрінің «ҚР ДСМ міндетін атқарушысының 2009.09.10-дағы №689 «Кейбір салалық жүйелерді көтермелеу мәселелері туралы» бұйрығы
  7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан стратегиясы-2050» Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жылдың желтоқсанында болатын мемлекеттің Жаңа политикалық  курсы.