2017 ж. қазанның 17-19 аралығында ауруханада орта медицина қызметкерлері аттестациядан өтті.
Мақсаты: дәрігерге дейінгі медциналық көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясы бойынша орта мед.қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелік дағдыларын жақсарту.
Аттестация өткізуге жауапты бас мейірбике Киякбаева Ж.Ж. тағайындалды.
Атесттация комиссиясы төмендегідей құрамда құрылды:
Төрағасы: Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары Жанкулов М.Х.
Мүшелері: Бас дәрігердің ӘҰЖ бойынша оынбасары Турушев А.А., реанимация бөлімінің меңг. Амирова Г.С., реанимация бөл.аға медбикесі Касенова Ж.А., интервенционды кардиология бөл. аға медбикесі Журабева Д.С.
Манекен-тренажер және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалана отырып, орта медицина қызметкерлерінің тәжиребелік білімдері, алғашқы жүрек-өкпе реанимация элементтерін (жоғары тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама уқалау жасау) игеруі бағаланды.
Аттестациядан өткендер саны: 184.