Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» МКК-ның бас дәрігері Рахымжан Келісұлы Арыстанға

                                 Мінездеме

 

Рақымжан Келісұлы Арыстан 1954 жылы 22 сәуірде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ұлты –қазақ. Білімі –жоғары. 1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы –дәрігер хирург.

Рақымжан Келісұлы Арыстан еңбек жолын 1981 жылы Комсомол аудандық орталық ауруханасында дәрігер хирург ретінде бастады.

2014 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы»Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымын атқарып келеді.

Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы, өз ісіне жауапты, ұқыпты, адал басшы ретінде көрсетіп келеді. Ұжымда құрметке ие. Қызметтік міндетін адал орындайды, табанды және бастамашы. Жоғары еңбек, ұжымды басқару қабілеттігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және медицина қызметкерлерінің күшін шебер бағыттайды. Қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары тұрған органдардың марапаттау қағаздарымен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.