2017 ж. 12-13 қазан аралығында Тараз қаласында «Жамбыл облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбына «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу кезінде медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, аурухана қызметкерлерінен: санитарлы авиация бөлімінің меңгерушісі Э.А. Орынбаева, травматолог-дәрігері Ж.Е. Урумбаев, фельдшер А.Б. Айтжанова және санитарлы авиация жүргізушілері В.Ф. Синдеев, Д.Ж. Тлепов қатысты.