• Мемлекеттік мəртебеге ие болғанына ЗО жыл толу құрметіне байланысты Тіл айлығы басталды

    22.08.2019 "Добавить комментарий

    ҚР Халықтарының Тілдері туралы Заңның 30 жылдық мерекесіне орай Медициналық жедел жәрдем ауруханасы Тіл ойлығын мерекелік шарамен бастады.

    Толығырақ  
  • Туған күніңіз құтты болсын Арыстан Рақымжан Келісұлы Арыстан

    27.04.2018 "Добавить комментарий
    Толығырақ

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының миссиясы

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тұрғындарға көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің сапасын жетілдіру.

Мақсаты: Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында алдын алу, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесін енгізіп азаматтардың денсаулығын нығайту.

 

 Медициналық жедел жәрдем ауруханасы негізгі міндеттері:

  1. Ақтөбе және Ақтөбе облысы тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
  2. Санитарлық авиация  көліктерімен ауыл тұрғындарына  шұғыл және жоспарлы-кеңесті  медициналық көмек беру.
  3. Барлық құрылымдық бөлімдер деңгейінде ішкі аудит жүйесін енгізу жолымен медициналық көмек сапасын жетілдіру.

Аурухана құрамында 10 клиникалық бөлім (320 керует) және де қосымша диагностикалық бөлімшелер (клиникалық-диагностика зертханасы, сәулелі диагностика, функционалдық диагностика) кеңес-диагностика емханасы, шұғыл да жоспарлы телемедицина орталығының кеңестік көмегі, гемодиализ орталығы қызмет етуде. Аурухана базасында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 8 кафедрасы орналасқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 8 бас маманы, 1 академик, 10 медицина ғылымының докторы, 20 медицина ғылымының кандидаты жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда ауруханада 800-ден астам қызметкерлер еңбек етуде, оның 155-і дәрігер, 359- орта медицина қызметкері, 8 қызметкер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың үздігі» құрметті атаққа ие, мамандардың 68 %-ы біліктілік санатқа ие.

Ауруханада жыл сайын 18 мың емделуші мамандардырылған стационарлық көмек алады, жылына 5000 астам оперативтік араласу, оның ішінде заманауи әдіспен және юірегей операциялық емдеулер өткізіледі:

-тұрақтандырғыш құрылғы омыртқаға қолдану операциялары (жады имплантаты, қапсырма)

-ұршық буыны және тізе буындарын эндопротездеу;

-тізе буынына артроскопиялық операциялар;

-перитонеальдық диагноз;

-жіті короналық синдромдағы ингиографиялық араласу;

-нейроинтервенционды араласу.

Ауруханада жоғары мамандандырылған медициналық көмек аясында нейрохирургия және жарақатқа жәрдем бойынша оперативтік араласу жүзеге асырылады, 18 түрлі медициналық қызметке лицензия бар. Медициналық жедел жәрдем ауруханасында әр түрлі бағыттағы стационардың көрсететін  медициналық көмек сапапсын сараптайтын Емделушілерді қолдау және Ішкі аудит қызметті жұмыс жасауда, диагностикалық-емдеу үдерісінің орындалуын бағалауды, қаржылық шығынды және ауру тарихын сараптамалық бағалау және науқастардан сауалнама жүргізу негізінде медициналық  көмек сапасына емделушілердің қанағаттануына м ониторинг жүргізеді.

Аурухананың келешектте дамуының инновациялық бағыттары.

-медицина кадрлар дайындау  деңгейі мен сапасын жоғарлату, оның ішінде Қазақстанның және шетелдің алдыңғы қатардағы медициналық орталықтарында біліктілік жетілдіру.

-ғылыми-зерттеу жұмыстары және жаңа медициналық технологияларды (видеоэндоскопия және малоинвазивті хирургия, жүрек-тамыр ауруларымен өлім-жітім деңгейін азайту) енгізу.

-кеңес беру-емдеу, шұғыл және кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру.

-«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шараларын жүзеге асыру.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген міндеттерін шешу бойынша қазірден тәжірибелік қадамдар жасалуда, бәрінен бұрын стационар деңгейінде сапалы медициналық көмек көрсетуді  қамтамасыз ету, Медициналық жедел жәрдем ауруханасы тұрғындарға көрсететін медициналық көмектің қол жетімділігін және қажеттілікті толық көлемде қанағаттандыру.